Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейірхан Абдрахманов: Пандемия кезінде 4000 оттегі концентраторын елге жеткіздік

Осы жазда «Шұғыла» қоғамдық қоры 4000 оттегі концентраторын сатып алды. Бұл отандық кәсіпкерлердің, қарапайым адамдардың қатысуымен және мемлекеттің қолдауымен мүмкін болды.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде қоғамдық қордың құрылтайшысы Мейірхан Әбдірахманов айтты.

«Үкімет оттегі концентраторын кеденнен өткізуге көмектесті, оларды жеткізу үшін ұшақ берді. Құрылғылар Қазақстанға 2-3 аптаның ішінде жеткізілді. Олардың барлығы науқастарды құтқару үшін елдегі ауруханаларға таратылды. Қазақстанның барлық аймақтарындағы 380 медициналық мекемелерге ауыстырылды. Сонымен қатар, қарым-қатынасты нығайту және бауырлас Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне қолдау көрсету үшін 20 оттегі концентраторы берілді», - деді Әбдірахманов.

Талқылау