AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Метеорит үйдің шатырын тесіп, ұйықтап жатқан әйелдің жастығына түскен

Метеорит үй шатырын тесіп өтіп, ұйықтап жатқан әйелдің жанындағы жастыққа түскен. Оқиға 4 қазанда Канаданың Голден қаласында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Castlegar News басылымына сілтеме жасап. 

метеорит

Түнде Рут Хамильтон өз үйінде ұйықтап жатқан. Кенеттен қатты соққы дауысы естіліп, үй иесінің үстіне шатыр сынықтары түсе бастаған. Ұйқысынан оянған ол жаныдағы жастық үстінде тастың жатқанын көреді. Тастың қайдан келгенін түсінбеген әйел полиция қызметкерлерлерін шақырған.

"Орнымнан тұрып, жарықты қостым. Не болғанын бастыпқыда түсінбедім", – дейді Рут Хамильтон.

Оқиға орнына келген полицейлер жақын маңда жүріп жатқан құрылыс орнына хабарласып, ешқандай жарылыстың болмағанын сұраған. Құрылысшылар мұндай ештеңенің болмағанын, бірақ аспанда жарық дененің пайда болып, бірнеше бөлікке бөлінгенін айтқан. Кейін Хамильтонның үйіне метеорит түскені белгілі болды. 

"Үйіме ұры кірді немесе оқ атылды деп ойладым. Метеорит түскенін естіген соң жаным жай тапты", – деп Хамильтон өз қорқынышын білдірді.

Канада тұрғыны ешқандай жарақат алмаған және өзін жақсы сезінеді. Ол тасты өзіне алып қалмақшы, себебі метеоритке немерелері қызыққан.

"Тастың аспаннан түскені таңғалдырады. Бәлкім, оған миллиардтаған жыл болған шығар", – деп қосты үй иесі. 

Оқиғадан кейін әйел көп нәрсеге деген ойы өзгергенін мәлімдеді.

"Жалғыз ойлайтыным, өмір – өте бағалы және ол кез келген уақытта үзілуі мүмкін. Тіпті өз төсегіңде жатып, қауіпсіз орындамын деп есептеген күннің өзінде. Бұдан кейін өмірге деген көзқарасым өзгереді деп үміттенемін", – дейді Хамильтон.

Қазір сақтандыру компаниясы аспан денесі түскен соң бүлінген шатырға өтемақы төлеу мәселесін қарастырып жатыр. Компания өкілдері бұған дейін мұндай жағдайдың мүлде болмағанын айтады. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр