Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Металургтер күні қалай тойланбақ: "АрселорМиттал Теміртау" қала тұрғындары үшін эстрада жұлдыздарын арнайы шақыртады

Шілде айының соңында "АрселорМиттал Теміртау" металлургтердің кәсіби мерекесін атап өтпек. Атаулы күнді құттықтауға компанияның шақыртуымен Дос-Мұқасан, Садраддин және Мирас Жүгінісов секілді эстрада жұлдыздары келеді.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы биыл Теміртауда қандай шаралар ұйымдастырып жатқаны туралы толығырақ айтты.

Биыл Металлургтер күні жексенбіге, 16 шілдеге сәйкес келеді. Теміртауда бұл кәсіби мерекені бір күн бұрын – сенбі күні атап өту дәстүрге айналған. Сондықтан қала тұрғындарына арналған Металлургтер күніне арналған мерекелік шаралар 15 шілдеде өтпек.

Металлургтер ескерткіші жанындағы алаңда концерттік алаң ұйымдастырылып, онда қазақ эстрадасының жұлдыздары – Дос-Мұқасан, Мирас Жүгінісов және Садрадин өнер көрсетеді.

Дос Мұқасан 2022 жылдың күзінде Республика күніне арналған концертте металлургтерді құттықтап, қалалық мәдениет сарайында өнер көрсетті. Көрермендер залынан орын алып үлгермегендер концертті тамашалау үшін ГДК жанындағы алаңда экрандар орнатылды. Ал келушілер саны өте көп болған еді.

Осындай шарадан соң компанияның әлеуметтік желідегі парақшасына тұрғындардан сүйікті әртістерін қайта, бірақ үлкенірек орынға шақыруды өтінген хабарламалар көптеп түсті. Осыған орай компания басшылығы биыл да "Дос-Мұқасан" тобын кәсіби мереке қарсаңында шақыруды жөн көріп отыр. Қала жастары үшін танымал өнерпаздар Садраддин мен Мирас Жүгінісовтер өнер көрсетеді.

Концерттік бағдарлама сағат 18.00-де басталады. Шара барысында болат басқармасының қызметкерлері арасында лотерея ойнатылып, 50 адам велосипедке ие болады. Қатысуға өтінімдерді жинау екі апта бұрын басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады. Қатысу ережесі туралы толық ақпарат @arcelormittal_temirtau Instagram парақшасында жарияланған. Мерекенің соңында отшашулар болады.

Сондай-ақ, Металлургтер күнін мерекелеу аясында озық еңбеккерлерге құрмет көрсету, Даңқ аллеясы – Құрмет тақтасының салтанатты ашылуы және металлургиялық зауыт қызметкерлеріне "Еңбек даңқы" ордендерін табыстау жоспарланған.

Талқылау