Мешітте түнеген: Алматы облысында жоғалып кеткен қыз табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен 15 жасар қыз табылды. Ол ата-анасынан бөлек тұруға шешім қабылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

қыз

Жасөспірім бірнеше күннен бері іздестірілген. Ол осы уақыт аралығында мешітте түнеп жүріпті. 

Қыз 4 сәуірде жоғалып кетті. Анасы оны өз бетімен табуға тырысқан. 6 сәуірде ол полицияға шағым түсірген.

Қарасай ауданының полицейлері іздеуді бастап, бірнеше сағаттың ішінде жасөспірімді тапты.

"Қыздың айтуы бойынша, ол анасының қамқорлығынсыз өмір сүруге тырысқан. Ол осы уақтқа дейін мешітте түнеген. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 127-бабына сәйкес "Ата-аналары қаңғыбастыққа әкеп соқтыратын кәмелетке толмағанның құқықтары мен мүдделерін қорғау" шараларды қабылдау үшін ювеналды сотқа жолданып, әкімшілік хаттама жасалды", - делінген хабарламада.

Жақында Қызылордадағы балалар үйінен үш қыз жоғалып кетті. Алғашқы екеуі Алматыдан табылды. Белгілі болғандай, олар бірге қашып кеткен. Үшіншісі он күннен кейін Алматыда табылды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр