Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік имамның шетелдік актрисаға көзқарасы көпшіліктің қызу талқысына түсті

Таяуда бір топ шетелдік актер Өскемен мешітіне бас сұғып, көпшілікпен бірге дұға жасаған еді. Актерлердің мешітке келген сәтінің суреттері желіде тарап кетті. Алайда мешіттегі голливуд жұлдыздарынан бұрын, имамның актрисаға көзқарасы жұрттың қызыл талқысына түсті, деп хабарлайды Stan.kz.

Instagram желісінде голливуд жұлдыздарының мешітке келген сәтінің суреті көпшіліктің қызу талқысына түсті. Оған имамның шетелдік актрисаға көзқарасы себеп болды.

«Ол не туралы ойлап тұр екен?» – деп жазылған жазбада.

Ал желі қолданушылары имамның көзқарасына байланысты түрлі пікірлер айтып жатты.

«Бес батпан бояудың астындағы теріні көріп, «Құдай аясын» деп тұрған шығар», «Көзілдіріктің астындағы көзін көріп, жымиып тұр. Кірпігі жасанды, мынаның табиғат сыйлаған сұлулығы қандай болды екен деп ойланып тұр», «Жынын шығару керек», – деп жазды желі қолданушылары.

Сондай-ақ, желі қолданушылары мешіт ішіне кірген актерлердің өзге дін өкілдері екенін және оларға кіруге болмайтынын жазып жатты.

 

О чем он думает?

Публикация от топ актуальных видео (@550gramm)

Естеріңізе сала кетсек, деректі фильмнің түсірілімі үшін ШҚО-ға атбасын бұрған шетелдік актерлер Халифа Алтай мешітінде болып қайтты. Эрик Робертс, Бай Лин, Марк Дакаскос пен Кэри-Хироюки Тагава ШҚО-ға аталған аймақтың табиғаты мен мәдениеті туралы деректі фильм түсіріліміне келген. Голливудтан келген меймандар мешітті аралап, намаз оқу рәсіміне қатысты.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде мүгедек балалардың ата-аналары шу шығарды

Қарағандыда 5 жасар қызды айуандықпен зорлаған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты

Жер дауы: Екі жыл бұрын бас көтерген халықтың талабы орындалмаған

Жағдайы жоқ жанұялардың наразылығына шенеуніктер жауап қатты

Талқылау