Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева баласын ұрған азаматқа қатысты: Адам ба, айуан ба, әкелік құқығынан айыру керек

Меруерт Түсіпбаева баласын аяусыз ұрған азаматқа қатысты ойын айтты. Әр іске өз көзқарасын білдіріп отыратын әнші қатігез әкені қатаң жазалау керек дейді. 

Бұл туралы Түсіпбаева желідегі парақшасында жазды. 

Айта кетейік, Түркістан облысында өз балаларын аяусыз жұдырық астына алып ұрып жатқан әкенің әрекеті көпшілікке мәлім болды. Видео желіде жарияланған соң оқиғаға қатысты тергеу басталды. Қатігез әке ұсталды. Ол өз әрекетіне еш өкінбейтінін, дұрыс деп санайтынын айтты. 

"Видеоны көруге жүрек шыдамайды. Бұл әке ме, айуан ба, адам ба өзі? Баланы не үшін өмірге әкеледі? Біреу балаға зар, біреу күш көрсетіп әлек. Онысын дұрыс деп санайды. Мұндай адамды әкелік құқығынан айыру керек. Облыстық құқық қорғау органы қайда қарап отыр? Өгей адам өгейлігін істеуші еді, бұған не сор? Өз баласын да осылай ұра ма? Мұндай қатігездікті, зорлықты көрген баланың болашағы қалай болмақ? Ол толыққанды азамат бола ала ма?", - деп жазды Түсіпбаева.

Желі қолданушылары әншінің сөзін қостады.



"Ертең кешірім сұрап тұрады сүмірейіп", "Билік басындағылар көрсе де көрмегенсіп отыр. Заңды күшейтетін уақыт келді ғой. Бала да өсер. Әкесі де қартаяды", "Әке болған осы деп отыр-ау баланы жасытып, оңбаған", "Иә, анасы да кiнәлi балақайдың! Қанша қорықса да күйеуiнен балаңды аяусыз ұрғызбай, қандай болса да шара қолдануы керек едi ғой! Ондай күйеу, ондай әкеден баяғыда ажырасып, өзiн де балаларын да бұндай зорлықтан құтқару керек едi ғой! Не деген жiгерсiз ана!", - деп жазды олар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр