Меруерт Түсіпбаева: Маңдайыма бай күйеуге тию бұйырмапты
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің «Жібек» телехикаясындағы жұмысының аяқталғанын хабарлады. Әнші қарашаның суық күнінде цементтің үстіне жатқанын, одан кейін екі апта бойы ауырғанын айтты. Соған қарамастан, өнер үшін жанын қиюға даяр екенін жеткізді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Меруерт Түсіпбаева бай да бақуатты күйеуге шығып, «жеңіл» өмір сүріп жатқан келіншектерге қызыға қарайтынын мойындады.
«Қақаған қарашада жібек жейдемен цементте жаттым, өнер деп (одан кейін бронхит болып екі апта ауырдым). Менің маңдайыма кейбіреулер сияқты бай күйеуге тиіп, соның арқасында жалғанды жалпағынан басу бұйырмапты. Сонда да мен өнер үшін жаралғаным үшін төзуге дайынмын», – деп жазды ол.
Оның жерде жатқан суретін көрген желі қолданушылары әншіні аяп кетті. Көпшілік Түсіпбаеваның актрисалық қабілетін жоғары бағалап, оған денсаулық тіледі.
Жіберіп алмаңыз:
Серік Ибрагимов жұбайын бүкіл елдің алдында «тәпішкім» деп еркелетті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Ақбота Сейтмағанбеттің парақшасын ресейлік хакер иемденіп алды