Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейтмағанбеттің парақшасын ресейлік хакер иемденіп алды

Ақбота Сейітмағанбеттің парақшасын ресейлік хакердің бұзғаны белгілі болды. Ол енді аталған парақшаны сатпақ.

15306577_572216499641638_1417964108241698816_n

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

“KeshYou” тобының экс-әншісі бірнеше айдан бері парақшасына сурет салмай кеткен-ді. Әншінің бұл әрекетінің себебі белгілі болды. Оның парақшасын ресейлік хакер бұзып алған екен.

“Бұл парақшаны ресейлік бір xакер бұзып алған, қазір ол Ақботанікі емес. Бірнеше күннен бері арзан бағаға сатамын деп жар салып жатыр. Өз шотына 20-50 мың теңге аудартып, талайды сан соқтырды. Ескерту деген осы. Бұдан кейін бізге “алданып қалдым” деп телефон соқпаңыздар. Қиын болмаса, бұл парақшаға шағым тастаңыздар. Басқа амал жоқ. Назарларыңызға рахмет!” – деп жазылған KeshYou тобының ресми парақшасында.

рн

Әзірге аталған хакердің есімінің анықталған-анықталмағаны белгісіз. Десе де, Ақбота Сейтмағанбет өзінің парақшасын қайтару ойынан бас тартқан сыңайлы. Ол жаңасын ашып, ішіне сурет жүктеп те үлгерген-ді.


Жіберіп алмаңыз:

“KeshYou” тобы әнші Ақботаның орнын басқан қызды көрсетті (фото)

Қазақстандық визажист Голливуд жұлдызы Ким Кардашянмен кездесті (фото)

Жанкүйерлері Мәдина Сәдуақасованы голливуд жұлдызымен салыстырды (фото)

Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділовтың қызына соңғы арнаған әнін бөлісті (видео)

Талқылау