Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: Жұбайын жасыратын жігіттерден жиіркенемін

Бүгінде шығармашылығындағы тың ақпаратты тыңдармандарына дер кезінде жеткізетін жұлдыздар қауымы жеке басындағы жаңалықты жасырып қалуды әдетке айналдырған. Әсіресе, бұл жағдайды отандық шоу-бизнестегі жігіттер қауымы жиі қайталап жүр. Ал, әріптестерінің бұл қылығын әнші Түсіпбаева түсіне алар емес. Ол, тіпті, мұндай азаматтардан жиіркенетінін айтып жатыр.

меру

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Әйелін жасыру деген шоу-бизнестің құйтырқы, шоу-бизнестің шыңына шығуға апаратын, таза емес тәсілдерінің бір амалдары немесе жолдары. Сондықтан, жұбайын жасыратын жігіттерден жиіркенемін” дейді әнші Меруерт Түсіпбаева.

Тіпті, бұл тақырып аясындаТүсіпбаеваны толғандыратын тұстар өте көп. Бүгінде бір-бір шаңырақтың отағасы атанған отандық шоу-бизнестің серілеріне әншінің өкпесі қара қазандай.”Мен таң қаламын. Ол қалай қаншама балаларын, құда-құдағи, қыздың әке-шешесі бар ғой. Оның бәрі намыс қой. Мәселен, мен қызымды бір жұлдызға беріп, ол әнші менің қызымды тығып, көрсетпей, ол байғұсты “невидимка” қылып қойса, мен шыдамас едім, жұлып алатын едім сол үйден қызды”, – дейді шатақ мінезді әнші.

торегали

торееее

Сондай-ақ, Нұрлан Еспановта Меруерт ханымды қолдап отыр. Сазгердің сөзіне сенсек, жұбайын жұмбақ жанға айналдырған інілері жақын күндері құпияның құлпын ашады деп сенім білдірді.

кайрррат семья

кайрат нуртас

“Бұрын жасыруға болатын еді. Ол кезде интернет жүйесі белсенді жұмыс жасамайтын. Ал, қазір инстаграм бар, басқа бар, бәрі қолды болып қалды ғой, оңай. Бірақ, бүгінде әйелін жасыратындар болашақта көрсететін шығар. Сәл күту керек. Өйткені, алдағы уақыттта келіндердің өздері айтатын болады, мені неге апармайсың, баяғыдағы қыздарың көріп қояды деп қорқасың ба”, – деп жанұясы жайлы жақ ашпайтын жұлдыздардың тығырыққа тірелер күні қыр астында екенін айтады.Естеріңізге сала отандық шоу-бизнесте Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі сынды танымалдар, балаларының анасын жұрт көзінен тасада ұстаса, жуырда “жұбайын жасыру” атты эстафетаны Ернар Айдар қабылдап алған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Әбдіжаппар Әлқожа көше кезіп жүрген 8 баланың анасына көмектесуге шақырды (видео)

Ерке Есмаханның клипі 20 миллион рет қаралып, тағы да рекорд орнатты

Арман Сқабылұлы: Министрді қаратқан Баян мықты екен

Жас қыздар «91» тобымен кездесуде қолтаңба алу үшін киімдерін шешіп берді (фото,видео)

Талқылау