Меруерт Түсіпбаева: Жадоның әкесін өлтіріппін бе?
Сән әлемі мен ән әлеміндегі дау әлі ұзаққа созылатын ұқсайды. Себебі Меруерт Түсіпбаева да, дизайнер Жадо өздерінің кінәсіз екендерін алға тартып, соңына дейін баратындарын айтып отыр.
Бұл ретте Меруерт Түсіпбаева Жадоның сотпен келісіп алғанына сенімді. Ол сот қандай шешім шығарса да, дардай атағы барда одан кешірім сұрамайтынын мәлімдеді.
“Жадо неге, менiң алдына барып кешipiм сұрайтыныма (тiзерлеп) сонша сенiмдi? Көріпкел ме? Әлде шешім қолында ма? Қалай сонда? Қандай шешiм шыкса да, дардай атағыммен мен неге оның табанын жалауым керек? Артта үлгi тұтар сiңлi-бауырлар барда? Кiм ол? Мен оның әкесiн өлтipдiм бе? Неге Жадоның анасы 50 адам ертiп әкелiп, халыктың атынан сөйлейдi? (Ол халыкты сыйламай ма деп). Ол президент пе? Әлде депутат па? Халыктың атынан сөйлейтiн…” – деп жазады ашуға мінген Меруерт Түсіпбаева.
Айта кетейік, бұған дейін үш бірдей сот отырысына қатыспаған әнші кеше дизайнердің өзінің үстінен арыз түсірді. Бұл жолғы сот отырысына керісінше Жадо келмеді. Сот отырысы тағы да кейінге шегерілді.
Жіберіп алмаңыз:
Меруерт Түсіпбаева жеке өмірінің құпиясын ашты
Әділ Лиян Айсәуле Бақытбекті орнына қойды
Гауһар Әлімбекова: Мен ақшақұмар адам емеспін
Алтынбек Рахметов “қолжетімді” болып кеткен жұлдыздарды сынап тастады