Меруерт Түсіпбаева сотқа барып Жадоның үстінен арыз түсірді
Меруерт Түсіпбаева өзін сотқа берген дизайнер Жадоның үстінен арыз түсірді. Танымал әнші арада болған кикілжіңге өзін кінәлі сезінбейтінін атап өтті. «Время» газетінің тілшісі Оксана Василенкоға берген сұхбатында Түсіпбаева осы күнге дейін заңға сай әрекет етіп жүргенін айтып берді.
Бұл жолғы сот отырысына Түсіпбаева мен оның қорғаушылары келді. Керісінше, дизайнер Жадо қарасын көрсетпеді.
Ал Түсіпбаева дизайнердің өзіне бірінші тиіскенін айтып шағымдануда. Ол не себепті жазбасында “шошқа” сөзін қолданғанын да түсіндіріп берді.
«Мен оны нақты «шошқаға» теңеген жоқпын. Жазбамды өзімнің Фейсбуктегі парақшама ашық түрде жарияладым және онда «Ит жоқта шошқа үрген заман болды» деген қазақ мақалын мысалға келтірдім. Ата-бабаларымыз салыстыру мақсатында басты кейіпкер ретінде ит пен шошқаны таңдаса, оған мен кінәлі емеспін», – дейді Түсіпбаева.
Әншінің айтуынша, Жадыра Сахиева өз атын шығару үшін осындай қадамға барып отыр. Түсіпбаева ешкімге де өзін қаралауға жол бермейтінін мәлімдеді.
«Жеке өзіме біреудің киімін талдау, өміріне қол сұғу, ақшасын санау деген нәрселер тән емес. Тек маған тиіспеңіздер! Мен өте қолы бос емес адаммын: ән айтқаннан бөлек ЖОО-да сабақ беремін, сахна тілі кафедрасының доцентімін, педагогика ғылымдарының кандидатымын, кәмілеттік жасқа толмаған ұлымды жалғыз тәрбиелеп отырмын. Одан бөлек, «Жібек 2» телехикаясындағы жұмысым да жақында аяқталды. Көп саяхаттаймын, ағылшын тілін оқимын, спортпен айналысамын, сондықтан, дау-дамайға, сотқа, қысастыққа уақытым жоқ. Мені жайыма қалдырса болды», – деп мәлімдеді әнші.
Енді әнші Сахиеваның үстінен шағым түсіріп отыр.
“Біз оның үстінен арыз түсірдік. Өйткені ол бүкіл елге аяғына жалынып барсам да, мені кешірмейтінін, үш жылға түрмеге отырғызатынын жар салды. Біздің халқымыз заңды жақсы білмейді. Сол себепті қорқады, алаңдайды. Күнара анама жедел жәрдем шақыртамыз. Ол егде жастағы кісі. Жуырда ол гипертониялық кризді бастан кешірді. Себебі теледидардан қайта-қайта мені түрмеге отырғызатынын немесе 20 миллион өндіріп алатынын, аяққа жығылсам да кешірмейтінін айтып жатыр. Бірдеңе айтпас бұрын абай болған жөн”, – деп жеткізді Tengrinews.kz Түсіпбаеваның сөзін.
Жіберіп алмаңыз:
Әділ Лиян Айсәуле Бақытбекті орнына қойды
Майкл Джексонның қызы әкесін кімнің өлтіргенін айтты
Абай Бегейдің Кубада түсірген бейнебаянына қара нәсілділер түсті (видео)