Меруерт Түсіпбаева: Қайрат Нұртас киімін тегін берсе де кимеймін (видео)
Отандық бағдарламалардың бірінде Меруерт Түсіпбаева Қайрат Нұртас ұсынған киімді тегін берсе де кимейтіндігін жеткізді.
Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.
Көңіл көтеремін деп мөлшерден тыс стақан көтеретін жұлдыздар әрдайым жұрттың назарында жүреді. Олардың қатарында Қайрат Нұртас та бар. Анасы баласын қорғап, өзіне пиар жасағысы келетіндердің Қайрат Нұртасқа тиісетіндігін меңзеді. Десе де, әншіні жамандағандардың қатарында әріптестері де бар болып шықты. Мысалы, Меруерт Түсіпбаева Қайрат Нұртастың киімді Қытайдан алдыратынын меңзеп, киімдерін тегін ұсынса да кимейтіндігін жеткізді.
“Журнал жасап, оны қытайдан әкеліп. Мен оны тегін берсе де кимеймін”, – дейді ол. Мұнымен қатар, бірнеше жыл бұрын Қайрат Нұртастың мас кезіндегі видеосы интернетке жүктеліп, жұртты шулатқан болатын. Видеоны кімнің түсіргенін анасы да, Қайрат та білетін болып шықты. Десе де, сот көмегіне жүгініп қудаламаса керек.
“Керек десеңіз, Қайрат бір жерде отырып демала алмайды. Өйткені сәл көңіл көтеріп, өлең айтып қалса, ертесінде интернетті шулатады. Ол жас. Арасында күліп-ойнауы тиіс. Онсыз да үлкен адамның жұмысын істеп жүр. Біреу өзіне пиар жасағысы келсе, Қайратқа тиісетін болды ғой”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.
Әріптестері де анасының сөзін қоштай түсті. Арасында барынша ұстамды болуға кеңес беріп жатқандар да болды. “Қайраттың видеосы арқылы біреу өз атын шығарғысы келсе керек. Бар болғаны, көпшіліктің алдында өзіңді ұстай біл”, – дейді Рано Омарова.
“Халықтың алдында жүрген соң, атағың болған соң абай болуың керек. Әдетте жора-жолдастарыңның бірі түсіріп, интернетке салып жібереді. Ондайларды заң бойынша қудалау керек деп ойлаймын”, – дейді Бүркіт.
Жіберіп алмаңыз:
Меруерт Түсіпбаева: Ажырасқан соң отбасылы адамға ессіз ғашық болдым
Меруерт Түсіпбаева желіде өзіне тіл тигізген қызды аяғына жығылдырып кешірім сұратты
Түсіпбаева қызды болғысы келетінін айтты
Түсіпбаева өзін енесі үйінен қалай қуып шыққанын айтып берді