Меруерт Түсіпбаева қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғали Төреәліні сынап тастады
Павлодар облысында берген концертінен кейін басы дауға қалған Төреғали Төреәлі көпшіліктің сынына ұшырады. Сахнада тұрып қарияға ұрысқан әншінің видеосы желіде тарап кетті. Бұл жайттан құлағдар болған Меруерт Түсіпбаева да әншіні сынап, өз жерлестерін жақтады, деп хабарлайды Stan.kz.
Павлодарда концерт беремін деп басы дауға қалған Төреғали Төреәлі көпшіліктің ашуына тиді. Әншінің сахнада тұрып қарияға ұрысып, залдан шығып кетуін сұраған видеосы желіні шарлап кетті.
Өз кезегінде әнші Меруерт Түсіпбаева да Төреғалидың бұл әрекетіне шамданып, Facebook желісіндегі парақшасында сын астына алды.
«Жерлестеріме сонша зекігені жаныма батты. Олардың көбі қарапайым адамдар. Менің жерлестерім сабырлы әрі орысшалау. Көбі айтылған сөздердің ішінен «кредит» дегенін ғана ұққан болар. Ақтауға немесе Шымкентке барып, сахнадан дәл осылай айқайласа не болар еді?!» – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Айта кетсек, Төреғали Төреәлінің өзі де даулы видеоға қатысты пікір білдірген еді.
Ал желі қолданушылары Төреғали Төреәлінің бұл әрекетін астамшылыққа балап, сын астына алды. «Бұрыннан өркөкірек еді. Бұл жолы шынайы келбетін көрсетті», «Өзін ұлы дала баласымын дейді тағы. Мәдениеттен жұрдай екен», – деп сынады желі қолданушылары.
Оқи отырыңыз:
Түркиялық танымал актриса Фахрие Эвджен ауыр дертке шалдықты
Мейрамбек Бесбаев: Керемет әкемін деп айта алмаймын
Өз концертіне келген қарияны қуып шыққан Төреғали Төреәлі елді шулатқан видеоға қатысты жауап берді