Меруерт Түсіпбаева енді тележүргізушілікке бет бұрды
Әнші Меруерт Түсіпбаева тағы да ел назарында. Күні кеше дизайнермен соттасып, бала асырап алуға ниеттенген әнші енді тележүргізушілікке бет бұрды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында хабарлады.
«НТК арнасынан мені жүргізуші ретінде көресіздер», – деді ол.
Айта кетейік, бір топ дизайнерлер отандық бағдарламаға берген сұхбаттарында ең талғамсыз әнші деп Меруерт Түсіпбаеваны атаған. Оны естіген әнші ашуланып кетті. Сөйтіп, Аида Кауменованың алқасын «сапасыз» деп, ел алдында масқаралады. Ал Жодоны дизайнер ретінде қабылдамайтынын, оны білімсіз әрі сауатсыз санайтынын айтты. Сол сияқты оның дене бітіміне қатысты мін тақты. Жадо өзінің ар-намысына сызат түсірген әншінің үстінен сотқа шағым түсірген. Түсіпбаеваның өзі алғашқы сот отырысына қатыспады. Ендігі сот 10-қаңтарға белгіленді.
Жіберіп алмаңыз:
МС Сайлаубек қазақстандықтардан 2 миллион ақша сұрады
Бір бала туғанына өкінген Меруерт Түсіпбаева ұл бала асырап алатын болды
Меруерт Түсіпбаеваның жаңа образы тыңдармандарын шошытты
Ninety one тобы Жаңа жыл кешін тыңдармандарымен бірге өткізбек