Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір бала туғанына өкінген Меруерт Түсіпбаева ұл бала асырап алатын болды

Басы даудан арылмаған әнші Меруерт Түсіпбаева балалар үйінен ұл бала асырап алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

меруерт бала_20

Бүгін Алматыда Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадо Сахиеваның арасындағы сот отырысы басталды. Алайда әнші алғашқы отырыста бой көрсетпеді. Бұл уақытта Меруерт Түсіпбаева балалар үйін аралап жүрген ұқсайды. Оған әншінің желіге жүктеген мына бір кадрлары дәлел.

меруерт балалар21

«Анасы тастап кеткен осы балапанды асырап алуға ниетім бар. Отбасыма тағы бір адам қосылмақ», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің бұл қадамына тәнті болып, бастаған ісінің нәтижелі болуын тіледі. Алайда мұндайды елге жариялауды әбестік санаған желі оқырмандары да табылды.

Айта кетейік, жуырда ғана әнші дүниеге бір ғана сәби алып келгеніне өкінетінін, тағы да ана болғысы келетінін айтқан еді. Сондай-ақ, Түсіпбаева тек арада бала болған жағдайда ғана екінші рет тұрмысқа шығатынын тілге тиек етіп, тыңдармандарын шошытып алды.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаеваның жаңа образы тыңдармандарын шошытты

Қайрат Нұртас концертінде Бекболат Тілеуханмен бірге ән салды (видео)

Мейрамбек Бесбаев Қайратпен бірге билеп тұрып ән айтты (видео)

Лидо сал ауруына шалдыққан бүлдіршінге 557 мың табыстады

Талқылау