Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лидо сал ауруына шалдыққан бүлдіршінге 557 мың табыстады

Лидо церебралды сал ауруына шалдыққан Әлішер Аманоллаға 557 мың теңге табыстады.

15034516_895071490595002_8068166417100308480_n

Фото: instagram.com/lido_kz/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін 10 жасар Әлішер Аманолла өзінің еркін жүруге қиналатынын айтып жұрттан көмек сұраған-ды. Оған дәрігерлер церебралды сал ауруы диагнозын қойған. Бүлдіршінге көмек қолын созғандардың бірі Лидо болды. Ол өзінің киімдерін сатып тапқан ақшаны Әлішерге табыстады.

“Кеше түнде Әлішерге көмектескім келетіндігі туралы жазбамды бөліскен едім. Мен айтқан киімдердің ішінде жаңа, әлі киілмеген киімдер де бар. Кейбіреуін тек фотосессияға пайдаландым. Олай болса, алдағы демалыс күндері өзімнің киімдерімді сатамын. Олардың саны көп болғанымен, барлығы бір данадан болады. Менің өлшемім – 40/42 – Small/ Medium, бойым – 170.  Ал түскен қаражатты Әлішерге табыстаймын”, – деп жазды ол бірнеше күн бұрын.

Араға бірнеше күн салып жәрмеңке де өтті. Жалпы 557 мың теңге жиналды. Аталған соманың 407 мыңы – Лидоның киімдерінен түскен ақша, 150 мыңы – өзге адамдардың киімінен түскен ақша. Бұл жаңалықты естіп Әлішердің анасы да қуанып қалды.

“Лидо, алтындай уақытыңызды бөліп, баламның отасына қажетті соманы жинауға көмектескеніңіз үшін көп рахмет. Отбасымыздың атынан алғыс айтамыз. Себебі, бұл – осы уақытқа дейін жинаған соманың ең ірісі. Сізге, отбасыңызға, балаларыңызға денсаулық пен бақыт тілеймін. Сіз өте мейірімді әрі тамаша әйелсіз”, – дейді Әлішердің анасы.


Жіберіп алмаңыз:

Шоқан Маратұлы 2 айда 120 мың доллар табыс тапты

Мейрамбек Бесбаев Қайратпен бірге билеп тұрып ән айтты (видео)

Жәния Джуринская өзі үшін не нәрсенің ұят екенін айтып берді (видео)

Бүркіт пен Айша балалар үйіне жаңа жыл кешін ұйымдастырып берді (видео)

Талқылау