Түсіпбаева өзін енесі үйінен қалай қуып шыққанын айтып берді
Танымал әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева келін болып жаңа үйдің босағасын аттауға дайын еместігін айтты.
Бұл туралы “31.кз” хабарлайды.
Шымкенттің экс келіні Түсіпбаеваға сол кездегі өмірі соншалықты жақпаған секілді. Себебі әнші әйел ретінде жеке өмірін мүлдем сызып тастағанын айтты. Аузы күйген үрлеп ішеді демекші, әнші енді тұрмысқа шықпайтынын да тілге тиек етті.
“Өзімді келін ретінде елестете алмаймын. Сол үшін күйеуге шыққым келмейді. Өйткені дәл қазір біреудің отбасына барып, келін болуға дайын емеспін. Ажырасқаныма 12 жыл болды. Осы уақыт ішінде өзіме би, өзіме қожа болып үйреніп қалғандықтан, өзімді бір сәтке де келін ретінде елестете алмаймын. Мен жақсы келін бола алмаймын, біреуді бақытты да ете алмаймын. Өйткені жасым 40-тан асты. Осы жаста біреудің босағасына барып тұрсам ұят”, – дейді Түсіпбаева.
Әнші мұнымен қатар, өзінің басынан өткен бір оқиғаны баяндап берді. Отбасылы кезінде жолдасымен сөзі жараспай қалып, енесі үйден қуған екен. Жолдасы достарының үйіне барып түнеуді ұсынған. Алайда әнші мұның ұят екенін айтып, енесі есікті ашқанша 8 сағат бойы есіктің алдында отырған. Мерует Түсіпбаева осы оқиғаны көз алдына елестете отырып, бұдан былай мұндай әрекетке бара алмайтынын айтты.
Оқи отырыңыз:
Меруерт Түсіпбаева: Ажырасқан соң отбасылы адамға ессіз ғашық болдым
Меруерт Түсіпбаева желіде өзіне тіл тигізген қызды аяғына жығылдырып кешірім сұратты