Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт пен Жадоның бесінші соты немен аяқталды?

Бұл жолы сотқа әнші де, сәнгер де келмеді. Есесіне қос тараптың қорғаушылары дауласты.

меруерт жада-030217

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Сотта Меруерт Түсіпбаева да, дизайнер Жадыра Сахиева да төбе көрсеткен жоқ. Есесіне әншіні қолдап отырысқа танымал сәнгер Берік Исмаилов қатысты. Оның айтуынша, Түсіпбаева да, Жадо да бүгінде ел алдына шығуға ұялып жүр.

“Жадыра да, Меруерт те маған өте жақын адамдар, бір салада жүргеннен кейін… Қазіргі заманда итіңді ұр десе де намыс қыласың. Олар екі жақтан өздерін қорғап жатыр. Енді халыққа көрінуге ұялып жүр. Егер келсе, мен-ақ татуластырар едім. Түгі де жоқ”, – дейді Исмаилов.

Бұл ретте қос тараптың қорғаушылары өз пікірлерін білдірді.

Жұмат Әбенов, Жадоның қорғаушысы: “Шешуге болатын еді, әрине. Ол туралы Жадыра да айтқан болатын. «Меруерт келіп, кешірім сұраса, кешіремін» деді. Бірақ Меруерт өзі келмей қойды. Содан кейін Жадыра ашуланды”.

Қолқанат Қабанбаева, Меруерт Түсіпбаеваның қорғаушысы: “Мүлдем кінәлі емес. Ол өзі бірінші талғамсыз деп тиіскен”.

Есте болса, өткен сот отырысында Түсіпбаева Жадоның үстінен арыз түсірген. Бұл жолы сәнгердің қорғаушысы арыздан хабарсыз екенін айтып, аппеляциялық шағым түсірді.

Ал сот отырысы тағы да кейінге қалдырылды.

«Аппеляциялық шағым қаралғаннан кейін қай күні екені алдын ала өзіміз хабарын береміз», – дейді Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы №2 сотының судьясы Теміржан Құдабаев.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаеваның көзі қалпына келе бастады (фото)

Қазақстандық клип Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін (видео)

Лидо үйсіз әрі аш-құрсау балаларға тамақ алып берген

Жанкүйерлері Инстаграмды Димаштың қолдан салынған суреттерімен толтырды (фото)

Талқылау