Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Өтекешова Құман Тастанбековтың түсірілім кезінде сыйлаған гүл шоғын бүгінге дейін сақтаған

Танымал актриса Меруерт Өтекешова “Ел” бағдарламасында Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббаты өмірде қалай жалғасын тапқаны жайлы баяндады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мен фильмнің түсіріліміне 17 жасымда мектеп бітіргеннен кейін келдім. Құман – студент, ол кезде ұзын бойлы, сымбатты жігіт. Құмандай жігітті әлі күнге дейін кездестірмедім. Әдемі жігіттер көп, бірақ Құман сияқты жігіт жоқ. Ең қиын түсірілімдер павильонда болды, екеуіміздің отауда отырғанымыз, Төлегеннің қазасын естіру деген секілді. Сол түсірілім біткен соң көктем келді, көктеммен бірге махаббат келді. Түсірілім кезінде үзіліс болады. Сол кезде Құман маған дала гүлдерінен бір құшақ гүл сыйлады. Сол гүлдерді қалай сақтағанымды білмеймін, бірақ олар әлі күнге дейін үйде тұр. Гүлдің өзінен түк қалған жоқ, қазір гүлге ұқсамайды, бірақ олар сақталды. Құманның өзі: “Сен мынаны қалай сақтадың?” деп таңғалды. Мен: “Сен жақсы көргендіктен сақтадым” деймін”, – деп күлді актриса.

Өнер иесі отбасы мен ата-енесі жайлы да ақтарыла сөйледі.

“Менің ең кішкентай екі жастағы немерем Құман ағамызға ұқсайды. Әнді жақсы көреді. Сол немерем “Құман атасының жолын қуа ма?” деген ой келеді. Құман – 20 жасында Алматыға оқуға келген нағыз ауылдың жігіті болды. Оның ата-анасы керемет адамдар. Ата-енем 10 жылдай біздің қолымызда болды. Ол кісілердің жастары келгендіктен Құман ата-анасын өз қолына алды. Атам сымбатты, ұзын бойлы жан еді. Жұма сайын мешітке барып, намазын оқитын. Қазір сол кісілерді қатты сағынамын”, – дейді Меуерт Өтекешова естеліктерімен бөлісіп.

Талқылау