Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КВН-ші Мереке Қалыбаева тұңғышын дүниеге әкелді

Танымал КВН ойыншысы, актриса Мереке Қалыбаева тұңғышын босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін көптен күткен тұңғышын дүниеге әкелген Мереке қыз босанды. Бұл туралы Мереке өзінің инста-парақшасында бөлісті. Кішкентай ханшайымның өкіл анасы әнші Гүлнұр Оразымбетова, ал өкіл әкесі әзілкеш Жандос Самалбеков екенін айтты.

"Аллаға шүкір дегеннен басқа не айтасың.
Ойбай-ай, "жаның қалсын" деген сөздің мағынасын үш сағат алдын түсіндім, баршаңызға рахмет", - дейді Мереке.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мәәәә мен МАМА болдыммм МАММААААА😱😱😍😍😍😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭 @arsen.akiev ӘКЕЕЕЕ😍😍😍😭😭😭___________________________________________ АЛЛАҒА ШҮКІРДЕН басқа не айтасың🤲🏻💜💜💜💜💜 _____________________________________________ Ойбай-ай "ЖАНЫҢ ҚАЛСЫН" деген сөздің мағынасын жаңа 3 сағат алдын түсіндіммм😭😭😭😭😭😭 рақмет баршаңызға💖💖💖💖 ____________________________________________ Түрі кімге ұқсаған деп ойлайсыздар???😍 _____________________________________________ @gulnurorazymbetova ӨКІЛ АНАСЫНАН СҮЙІНШІ сұрап қояйын😂, ӨКІЛ АНА болуыңызбен💜 @jandos_samalbekov ӨКІЛ ӘКЕЕ құтты болсын ал статусыңыз😄😄🥰🥰💖💖😍😍💜

Публикация от Қалбаева Мереке (@merekusha.k)

Тұңғышын бауырына алған Арсен оқырмандарынан сүйінші сұрап жазба қалдырды.


Тағы оқыңыз


"Бұндай ауыртпашылықты тек әйелдер ғана көтере алады. Аналарымыздың қадірін білейік! Аналарымыз аман болсын! Қысқасы, сүйінші! Аллаға сансыз шүкір! Алланың қалауымен бөпенің бөпесі дүниеге келді. "Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын" деген тіркестің төркінін енді түсінгендеймін! Не жазарымды да білмей отырмын! Аллаға сансыз шүкір дегеннен басқа сөз келмей жатыр. Жақсы әйелдің белгісі бірінші дүниеге келген перзенті қыз болады деген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)", - деген Арсен әйеліне алғысын жеткізді.

Өз кезегінде әке-ана атанған қос әзілкешті оқырмандары, достары құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр. 

Айта кетейік, екі бірдей КВН-ші Мереке мен Арсеннің тойы жұрттың қызу талқысына түскен еді. Себебі “Тек қана қыздар” командасында өнер көрсететін Мерекенің жасы 27-де. Ол жары Арсеннен 6 жасқа үлкен.

 

Талқылау