"Менің өлі денемді табасың": Бір жарым ай бұрын табылған жігіт еріктіні өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқан
Желіде бір жарым ай бұрын жоғалып кетіп, табылған Мұрал Қасейннің өмірі үшін алаңдайтынын айтқан еріктінің үндеуі пайда болды. Оның сөзінше, бала келесі жолы үйінен қашып кеткенде, тірі табылмайтынын ескерткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әкесінің үйінене қашып кетіп, 42-ші күн дегенде әрең табылған Мұрал өмірінің қиын екенін айтқан.
“Бір адам оны 20-шы күні аш және лас күйде тауып алған. Мұрал фамилиясын айтпай, 22 күн сол жерде болған. Ол полицияға үйге барғысы келмейтінін, өгей шешесі қорқытқанын, ал әкесі ұрып-соққанын айтып шағымданған”, – дейді ерікті Дилмира Блац.
Ерікшт баланың өзіне “бесінші рет менің өлі денемді табасың” деп айтқанын алға тартты.
“Ол маған солай айтты! Иә, олар жауапкершілікті өз мойнына алды! Бұл оның үйден бірінші рет қашып кетуі емес, тіпті олар баланы тартып алу туралы арыз да берген жоқ! Қамқоршыны құқығынан айыруға себеп жоқ дейді. Себеп болуы үшін жігіт өзіне қол жұмсауы керек пе?
Оның айтуынша, бүгін қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдерімен Мұрал тұрып жатқан отбасыға әкесі келіп, ұлын өз еркінен тыс үйіне алып кеткен.