Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды
Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық студент Рауан Дарханұлы табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы хабарлады.
Измир қаласындағы клубтардың бірінде достарымен бірге барғаннан кейін хабарсыз кеткен Рауан Дарханұлына 22 қазаннан бастап іздеу салынды.
“Осы уақыт бойы Бас консулдық Измир провинциясының губернаторлығы мен полициясы және қазақстандық еріктілермен бірге аталған азаматты іздестірді. Бүгін табылған азамат Измирдің Алсанджак ауданының полиция бөлімшелерінің біріне жеткізілді. Қасында анасы мен консулдық қызметкерлері бар”, – делінген хабарламада.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады