"Менің де кемшілігім көп": Гүлзира Айдарбекова қандай ене екенін айтты
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова үш келінімен қарым-қатынасын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Өнер иесі журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында келіндерінің жағдайын жасап отырғанын жасырмады.
"Әр келіннің жақсы жері де, ұнамайтын жері де бар. Ене болған соң, соқыр бола саласың, керең бола саласың. Құдайға шүкір, үшеуінің де тіптен жаман жақтары жоқ. Біздің оларға зиянымыз жоқ. Үйлерін азық-түлікпен толтырып қоямыз. Үйге, көліктеріне кететін шығындарын жабамыз. Жөндеп, майын құйып отырамыз. Барынша көмектесеміз. Телефоны бұзылған күні бір сағатта жаңасын сатып аламыз. Ұнаған көйлектерін сол бойда үстіне кигіземіз”, – деп жан сырын ақтарды әнші.
-
"Бриллианттарды жақсы көремін": Гүлзира Айдарбекова гардеробын көрсетті
-
"Мен оригинал Гүлзирамын": Қайрат Нұртастың анасы өзін сынайтындарға жауап берді
Сонымен қатар продюсердің айтуынша бұл әрекетінен кейде таяқ жейтінін де жасырмады.
“Ойланып отырсам, кейде біздің де дұрыс емес жеріміз бар. Негізі барлық жағдайды жасамау керек екен. Өздеріне тапсыру керек. Менің де кемшілігім көп. Ауылдағы келіндер таң атпай тұрып, тірлік жасайды. Ал біз ұйықтай тұрсыншы деп аяймыз. Әрқайсына бір-бірден көмекші жалдаймыз. Көп жұмсалған келін әр нәрсенің қадірін біледі. Ал көп жұмсамай, жағдайын жасай берсең, көп аяй берсең, кейін ол сені аямайды. Қиналмағаннан кейін қиындықтың не екенін білмей қалады екен", – деді Айдарбекова.
Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың қатты сырқаттанып қалған кезін есіне алған еді.