AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Менің атымды аулаға жазып кетіпті”: Жарқынай Ханайым өзіне ғашық жігіт туралы айтты

Жарқынай Ханайым өміріндегі ерекше қызықты жайттарды ашық айтты. Актриса бала күні мен студент шақтарындағы есте қалған оқиғаларын, өзіне ғашық жігіттер туралы баян етті. 

Бұл туралы HIT TV арнасы хабарлайды.

Жарқынай Ханайым бала күнінде ережесіз жекпе-жекке қатысқанын айтады. Әнші тіпті өзінен тәжірибесі көп қыздарды жеңіп кеткенін айтып мақтанды. 

“Мен ММА-ға қатыстым. Бара сала 3 ай қатысып жүрген бір қызды жеңіп кеттім. Әрі қарай да қатыса беруге болар еді. Бірақ қызға тән қасиет жоғалып кетеді деп тоқтатып тастады. Сондықтан тастап кеттім”, – деді ол. 

Актриса өзіне ғашық болған, өзі үшін батыл қадамдарға барған жігіттер туралы айтып қалды. 

“Мен үшін махабатта батыл қадамдар жасаған жігіттер болды. Соның бірін айтсам, Қытайдан келген бір жігіт болатын. Мен үшін Қытайдан келді. Сыйлықтар алып келді. Маған қатты ғашық болды. Тағы бір жігіт маған сезімін білдіру үшін аулаға екеуміздің атымызды жазып кеткен. Үлкен етіп бүкіл аулаға жазыпты. Көршілер ұрысты. Мен өзім әктеп әрең кетіргенмін. Ол кез студент шақтар ғой”, – деді Жарқынай. 

Жарқынай Ханайым мектепте 4 пен 5-ке оқығанымен,  математика сабағынан 3-ке болғанын мойындады.

“Математика мен тарихты жек көретін едім. Еш түсінбейтінмін. Ұйықтап қала беретінмін. Басқа сабақтарым жақсы болды”, – деді ол.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр