Соңғы жаңалықтар

"Менің атым - Баха. Бүгін менің туған күнім": Полицей өзіне қол салмақ болған жігітті қалай құтқарып қалғанын айтты

Алматы облысының полицейі Бақыт Жарқынбеков 15 жастағы жасөспірімді өлімнен құтқарып қалу үшін 1,5 сағатқа жуық сөйлесті. Құқық қорғау органының хабарлауынша, суицидтен аман алып қалған үшінші оқиға, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 

Оқиға 8 желтоқсанға қараған түні Алматы облысындағы Қаскеленде болған. Полицейлерге көпірде бір адам тұрғаны және секіргісі келетіні туралы хабарлама келіп түскен. Үш минуттан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері Бақыт Жарқынбеков пен Ернат Мақсат келген.

"Інім, тоңып қалдың ғой. (...) Менің атым Баха. Бүгін менің туған күнім. 35 жасқа толдым, інім. Мен саған қандай көмек бере аламын", - дейді полиция қызметкері жасөспірімге бейнежазбада.

Бақыт Жарқынбеков атап өткендей, мұндай жағдайларда адамды өзіне қарай жақындатуға тырысу керек, мұқият әрекет ету керек, сонымен бірге әр секунд қымбат.

"Сондықтан менің атым Баха және менің туған күнім деп айта бастадым. Жасөспірім сізге ресми адам ретінде емес, дос ретінде қарау керек. Біз онымен 1 сағат 40 минут сөйлестік. Ол мас күйінде болды, қатты тоңды.

Ол құлап кете ме деп қатты қорықтым. Біз келген соң, барлығымыздың кетуімізді сұрады. Бірақ мен онымен жалғыз қалдым. Сәт сайын жақындай бердім. Көпірдің жиегі бар. Мен оған таяп қалған кезде отырғысы келетінін айтты. Ол менен бір метр қашықтықта тұр. Ол қолын жоғары көтерген сәтте, мен оны денем мен көпірдің арасына қысып, баланың құлауына жол бермедім. Мен қолымды сындырамын деп ойладым, бірақ ол баланың қаза болғанынан гөрі жақсы", - деді Бақыт Жарқынбеков.

Полицей жасөспірімді құтқару бір өзіне қиныға түскенні, әріптестері көмек қолын созғанын атап өтті. 

Жасөспірім ауруханаға жеткізілді, екеуі де қатты тоңып қалған. Ауруханада ата-аналар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектордың келуін күтіп тұрды. Ол кезде жігіттің жағдайы жақсарды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр