Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұндай адамдар иттен де жаман": ЛГБТ белсендісі өздеріне сөз тигізген Қуат Хамитовты атағынан айыруды сұрады

Қазақстандық ЛГБТ белсенді Нұрбибі Нұрқаділова ЛГБТ + қауымдастығын қорғау мақсатында жариялаған ашық хатынан кейін түрлі қорқыту мен буллингке ұшырағанын айтады. Белсенді ММА күрескері Қуат Хамитовқа ашық хат жазған. Ол мұны Инстаграмдағы гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы жаңалық астына қалдырған «Мұндай адамдар иттен де жаман!» деген пікіріне жауап ретінде жазыпты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Nurbibi Nurkadilova/ Instagram.com/theworldismythrone/

Ашық хатта Нұрбибі Нұрқаділова мұндай көзқарасы бар адам толерантты халықаралық аренада Қазақстанды таныстырып жүргеніне өкінішін білдірді. Белсенді Хамитов айтқандары үшін жауап беруі тиіс деп санайды, тіпті оның ойынша спортшыны титулдарын айыру керек.

"Қуат Хамитов! Мен сізге ашық хат жазып отырмын. Сіз Қазақстанды әлемдік аренада таныстырып жүрген, ұлттың беткеұстар тұлғасыз. Мұндай мәлімдемелер жасауға сіздің қандай құқыңыз бар? Көпшілік алдында пікір айтуға... Мен ЛГБТ + қауымдастығының ашық өкілімін! Ал сіздің сөзіңізді мені, достарымды және сүйіктімді қорлау деп түсінем!

«Мұндай адамдар иттен де жаман» дегенді қалай түсінесіз? Сіз менің адами құқықтарымды, осы елдің азаматының құқықтарын иттердің құқығымен салыстырасыз ба? Сонда мені құқықтарымнан айырып отырсыз ба әлде менің ақыл-ойымды итпен теңестіргеніңіз бе? Осы арқылы бізді де иттер сияқты жіпке байлау керек дегенді меңзедіңіз бе? Сіздің ақымақ әрі қисынсыз пікіріңізді әлі де толық түсініп тұрған жоқпын. 

Сізді өзгелер қоғамдық пікір иесі, батыр, тағы кім деп санаса да, осы айтқаныңыз үшін бүкіл атағыңыз бен мәртебеңізден айырылу керексіз деп есептеймін. Себебі сіз өнер көрсетіп жүрген халықаралық аренада мұндай пікірлер қате және қисынсыз болып саналады! Сіз өз ойыңыз үшін жауап беруіңіз керек!
Гомофобиядан зардап шегіп жүрген миллиондаған адам сіз сияқтылар жүрген әлемде өмір сүрудің қаншалықты қиын екенін айтып бере алады.⠀

Өз пікіріңіздің есебінен елді артта қалдырасыз! Елдің дамуына кедергі келтіресіз! Сізді көп адам (өкінішке қарай) оқиды, олар үшін сіз үлгісіз. Сонда қандай үлгі көрсетіп отырсыз? Гомофобия, агрессия, сіздің көзқарасыңызға жат адамдарға деген өшпенділік. Мұны төзімсіздік дейді!  Көп өркениетті елдерде мұндай мінез-құлық әртүрлі шектеулерге әкелуі мүмкін. Егер сіз шетелдік сұхбатта осындай сөз айтқан болсаңыз, сізге спорттық шараларға қатысуға тыйым салынып, тіпті сізді барлық жерде бойкоттайтын еді! Бірақ сіз тек мұнда ғана батырсына аласыз! Сізге ешкім ештеңе істей алмайтынын білесіз. Бұл - қорқақтық! Ол - төмен деңгей!
Қуат Хамитов, сіз - қорқақсыз! Толерантты аренада әлемді танытатын адам ретінде сіз үшін ​ұяламын!", - дейді Нұрбибі Нұрқаділова хатында.

Ашық хат жарияланғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, Нұрбибі Хамитовтың жанкүйерлері тарапынан қорқыту мен буллингке ұшырағаны жайлы видео жариялады.

"Олар мені күреске шақырады, зорлаймыз, өлтіреміз деп қорқытады. Және бұған шақырып жатқан ересек кәсіпқой күресшілер шақырып жатыр", - дейді видеосында Нұрқаділова.

"Мен сүю мен сүйікті болу қалауыма тәуелдімін", - деп қорытындылады ойын Нұрбибі.

Белсенді толеранттылық идеяларын дамытуға, ЛГБТ + қоғамдастығы адамдарын қорлауға тосқауыл болуға және құрбандарды зорлық-зомбылықтан қорғауға шақырды.

Талқылау