Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менімен танысқанда топтан шығып кеткен": Ерке Есмахан AZ-мен қарым-қатынасы жайлы

Ерке Есмахан Instagram-дағы оқырмандарына жеке өмірі жайлы сыр шертті. Әнші сүйіктісімен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп жазады Stan.kz.


AZ-дің аяқ астынан Ninety one тобынан шығып қалуы иглздардың түсінбестігін туғызды. Фанаттар әлі күнге дейін жеке кетуіне қатысты рэперден нақты жауап ала алмады.

Көп ұзамай Еркемен қарым-қатынаста екені белгілі болғандықтан, кей тыңдармандар AZ-дің топтан кетуіне Ерке себеп болуы мүмкін деп ойлайды. Алайда Есмаханның Еркесі мұны жоққа шығарды. 


Ерке Есмахан: Неге еркектер атақты, әдемі әйелдерді бақытты ете алмайды?


"Менімен танысқанда топтан шығып кеткен, грузчик боп жүрген осындай", – деп қалжыңдады ол сүйіктісінің жүк көтеріп бара жатқан суретін жариялап. 

Ал ендігі бір фанат Азамат Зенкаевтың денсаулығына алаңдап жүрген көрінеді:

"Эйзи аман ба, ауырып жүрген жоқ па? Миын ашытпаған шығарсың? Эйзидің мінезіне шыда". 

Оған Ерке: 

"A.Z-дің фанаттарына мен бір Азаматқа күн бермей, қинап, байлап ұстап отырған сияқты болып елестеймін-ау деймін, а?" – деп жауап берді. 

Бұдан өзге, Ерке күнделікті түске дейін ұйықтайтынын айтып өтті. 

Талқылау