Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Менікі боп қаласың”: Баян Алагөзова жаңа фильмінде бұрынғы күйеуінің образын қолданғанын айтып қойды

Танымал продюсер Баян Алагөзованың «Тағдыр бекеті» фильмі жарық көрмей жатып дау тудырған еді. Продюсердің өзі туындысын «Махаббат бекетінің» жалғасы ретінде түсіргісі келгенін жасырмайды. Алайда Талғат Теменов қарсылық танытқаннан кейін, сценарийді түбегейлі өзгерткен. Өз сөзінде Алагөзова жаңа фильмінде бұрынғы күйеуінің образын қолданғанын айтты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Баян Алагөзова жаңа фильмінде бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың образын қолданғанын айтты

Махаббат тақырыбы арқау болған туындыда Баян ханымның өзі де бой көрсетеді. Ол басты рөлдегі кейіпкердің анасының рөлін сомдаған. Ал оның фильмдегі күйеуі жұбайын әйелін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды. Өз сөзінде Алагөзова жағымсыз кейіпкердің бейнесін толықтыру үшін бұрынғы күйеуі  Бақытбек Есентаевтың образын қолданғанын жасырмады.

«Мысалы, «сен менікі болдың, менікі болып қаласың! Осылай дедім», -деген сияқты үнемі айтылатын сөздер болады», – дейді Алагөзова.

Баян ханымның айтуынша, «Махаббат бекеті» фильмінің режиссері Талғат Теменов бастапқыда туындының жалғасын түсіруге келісіп, батасын берген екен. Алайда артынша белгісіз себептермен айнып қалған. Ол фильмнің жалғасы түсірілуіне үзілді-кесілді қарсы болып, Алагөзоваға шүйліккен еді. Осы себепті продюсер кезекті туындысының атауы мен сценарийін түбегейлі өзгертуге мәжбүр болыпты. Дегенмен басты кейіпкердің Гүлназ есімін сақтап қалған.

«Әрине, бастапқыда «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсіргім келді. Бірақ, Талғат Досымғалиұлы басында рұқсатын бергенмен, кейін қарсы болды. Содан сценарийді түбегейлі өзгертуге тура келді. Тек басты кейіпкердің атын алып қалдым. Өйткені, «Гүлназ» деген есім көп, оған ол дауласа алмайды», – дейді продюсер.

Десе де Мақсатқызының кезекті фильмінде «Махаббат бекетінде» ойнаған актерлер рөл сомдады. Продюсердің сөзінше, олар өз қалауымен келген.

Айта кетсек, бұған дейін Баян Алагөзова “Тағдыр бекеті” фильмін әйгілі “Қыз Жібек” фильміне теңеген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Бейсенбі, 31 Қаңтар, 2019 21:02
Талқылау