"Мені жыл сайын "роддомға" жібереді": Ерке Есмахан күйеуін ел алдында мақтады
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Белгілі қазақстандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде күйеуінің мықтылығын айтып, оқырмандарына мақтанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жолдасы мен балаларының қарым-қатынасын айтты.
"Бір күні кіші ұлын бассейнге апарады, бір күні үлкен ұлын велик тепкізіп бассейнге апарады. Ал мені жыл сайын “роддомға” жібереді", – деп жазды ол.
-
"Адам жұмсағанды салмаған дұрыс": Ерке Есмахан үйін жинатамын деп көпшіліктен сөз естіді
-
"Ақшам жоқ деген – өтірік": Ерке Есмахан сыйлық бермейтін еркектерге қатысты ойын айтты
Сондай-ақ ортақ некесінен туған кіші ұлы әкесінің әнін тыңдап қана ұйықтайтынын айтты.
“Ислам екеуміз әлі ұйықтаған жоқпыз. Әкесі “Алтын ханым” байқауына ән айтуға кеткен. Теледидардан көріп отырмыз. Ұлым әкесінің әнін тыңдамай ұйықтамайды”, – деді әнші.
Еске салайық, Ерке Есмахан күйеуінің ұлдарына алып қойған су жаңа пәтерін көрсеткен еді.
“Туған күн, жаңа қоныспен құттықтап жатқан тілекші жандарға мың алғыс. Айтқандарыңыз келсін. Жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Бұл үйде тұрмаймыз, күйеуім ұлдарыма өскенде деп алып қойып жатыр. Алла сол күнге жеткізсін. Ал мен вилланы күтемін. Ештеңеге асығыс жоқ. Шүкір", – деп жазды әнші.

"Мұғалімдерді заңсыз жұмыстан шығарады": Блогер Алматыдағы №12 гимназияның бұрынғы директоры әлі күнге дейін мектеп ісіне араласып жүргеніне шағымданды
