Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені өлтіру оңай": Нұрлан Еспанов әлсіздігі туралы

Нұрлан Еспанов әлсіздігі туралы ашығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Нұрлан Еспанов басты қорқынышы туралы айтып, қай тұрғыдан әлсіз екенін жеткізді. Тіпті өнер иесі өзін қалай өлтіруге болатынын айтты. Адамдармен араласқанды жақсы көретін әнші басты қорғаны інісі екенін де жасырмаған. 

"Егер менің басыма қиын күн туатын болса туған інім Ерлан қасымнан табылады. Бірақ, мен көпшіл адаммын. Мені өлтіру оңай. Ешкіммен сөйлестірмей бір күн қамап қойсаң, өліп қалуым мүмкін. Мен ортада жүруім керек", - дейді Нұралан Еспанов.  

Жалғыздықтан қатты қорқатын Нұрлан Еспанов үйінде жалғыз қонғанды да ұнатпайтын көрінеді. Жаратылысынан көпшіл болған өнер иесі осылайша құпиясымен бөлісті. 

"Жалғыздықтан қатты қорқамын. Үйде ешкім болмаса, үйге қонбаймын. Далада жүре беремін, таң атқан кезде ғана бара аламын. Жаратылысым сондай", - дейді Нұрлан Еспанов. 

Талқылау