Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені неге іздемедің?" Жамбыл облысының тұрғыны 24 жыл көрмеген әкесін тапты

Жамбыл облысының тұрғыны Әйгерім Әбдірайым туған әкесі Әмзе Әбілқасымовты іздеп хат жазған. Бағдарламаның кезекті санында ол өмір бойы көрмеген әкесімен кездесті.

Бұл туралы «Қымбат жандар» бағдарламасында айтылды.

Әйгерімнің айтуынша, ата-анасы сәби кезінде ажырасып кеткен. Нағашыларының қолында өскен ол 2015 жылдан бастап туған әкесін іздеуге оқталады. Алайда тұрмыс құрған соң іздеу аяқсыз қалып, бағдарламаның көмегіне жүгінеді.

«Әкемді іздеуге анам қарсы болды. Олардың не үшін ажырасқанын білмеймін, әкеме ешқандай өкпем жоқ. Тек мені неге іздемеді екен деген бір ғана сұрағым бар», - дейді Әйгерім.

Бағдарлама ұжымы оның әкесін іздеп тапты.


"Мен сізді өмір бойы іздедім": Тараз тұрғыны өзін 55 жыл бұрын перзентханаға тастап кеткен анасымен кездесті (видео)


 

Әмзе Әбілқасымов Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны. 2001 жылы екінші рет шаңырақ көтерген. Жары Майра екеуі 2 қыз тәрбиелеп отыр.

«Әйгерімнің анасымен 1993 жылы үйленген едік. Тұңғыш ұлымыз шетінеп кетті. Кейін егіз қыздарым дүниеге келді. Ол кезде ажырасқан едік. Егіздердің бірі босанған кезде көз жұмды. Екіншісінің атын Әйгерім деп өзім қойдым», - деді әкесі.

Осылайша студияда әкесі мен қызы 24 жылдан кейін қайта қауышты.

Талқылау