"Мені күтіп жатқан": Айнұр Тұрсынбаева RaiM мен Еркенің баласына кіндік шеше болды

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әнші RaiM мен Ерке Есмаханның үшінші ұлына кіндік шеше болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Суырыпсалма ақын жеке парақшасында қос өнерпаздың ұлына өлең де шығарып үлгерді.
Айнұр Тұрсынбаева қазір шет елде өмір сүреді. Ол күні кеше Сәкен Майғазиевтің тойына қонаққа келіп, кіндік ана атанған.
"Менің кіндік балам тұп-тура мен Алматыға келген күні дүниеге келгенін айтсаңыздаршы. Мені күтіп жатқан ғой", – деп жазды ақын.
Одан кейін жыр шумақтарын арнады. Ерке Есмахан ұлының атын Батыр деп қойған еді.
"Әкесі – дүлдүл,
анасы – бұлбұл!
Кіндік шешесі – ақын,
Өзі – Батыр!
Қазаққа жақын
Ұл туып жатыр...", – деп жазды ақын.
Еске салайық, әнші үшінші рет ана атанып, үшінші ұлын дүниеге әкелген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"