"Мені ешкім ұстаған жоқ": Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамунов өзінің ұсталғаны туралы ақпарат шыққаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Руслан

"Мен, Мамунов Руслан Маратұлы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға қатысты мынаны  мәлімдеймін: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары және "Ақтөбе" ӘКК басшысы лауазымындағы менің қызметіме қатысты қандай да бір тергеу іс-шараларын өткізіп жатқан жоқ", деп жазды шенеунік өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ол өзінің төрт жыл бұрынғы оқиға қатысты куәгер екенін атап өтті.

"Мені ешкім ұстаған жоқ, мен жұмыстарыммен Нұр-Сұлтан қаласында жүрмін, менің бостандығыма қатысты ешқандай шектеулер жоқ", - деді  Руслан Мамунов.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары өзінің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жарияланымдарға тоқталып, істің шынайылығы мен дұрыстығын тексермей, осы ақпаратты жариялап, таратқандарға қатысты сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

Бұған дейін БАҚ-та Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Шенеунікті пара алған жерінде полиция қызметкерлері қолға түсірді деп хабарланған.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

25 мың теңгеге дейін қымбаттаған зімбірдің пайдасы бар ма

Дәрігерлер зімбірден гөрі емдік шөптен жасалған шайларды ішуге кеңес беріп отыр

Қарағандыда COVID-19 жұқтырған 7 адам туралы не білеміз

Барлық науқастар эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларымен оқшауланған және емделуде

Алматы облысының тұрғынына үй карантинін бұзғаны үшін 26 мың теңге айыппұл салынды

Ресей Федерациясынан келген азамат үй карантинін бұзған

Ботокс, шаш, макияж: Жұлдыздар күнделікті күтіміне қанша ақша жұмсайды

Алтынай Жолдыбаева: Менің көкірегім кішкентай, бірақ өзіме ұнайды

Қостанайда коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысыр елінен оралған

Дәрігерлердің науқастар жағдайы қанағаттанарлық екендігін айтып кетті

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 685 адам болды

Жаңадан ауру жұқтырған 15 адам тіркелді

Коронавирус жұқтырған ресейлік студент Қазақстанға өтіп кеткен

Бойжеткеннің коронавирус жұқтырғаны 4 сәуір күні белгілі болыпты

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері көшеде маска кию керектігі жайлы айтты

Айзат Молдағасимова көшеде бетперде кию керектігі жайлы айтты

Алматы облысында марқұмдардың мазасын алған ұры қолға түсті

Зират ұрысы көрші ауылдың тұрғыны болып шыққан

Солтүстік Қазақстан облысында өзендердегі судың көтерілуі бір аптаға ерте басталды

Cиноптиктер кіші өзендерде су деңгейінің көтерілуінің ерте басталуын атап өтті
Çàãðóçêà...