Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менде әжім жетеді": Гүлзира Айдарбекова пластикалық отаға қатысты көзқарасын білдірді

Гүлзира продюсер Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова пластикалық отаға қатысты ойын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің бет-әлпетін оқырмандары ота жасатқан деп қызу талқыға салды. 

“Бетін қатты тартқызып тастапты”, “Күлгенде мұрнының үсті жиырылып тұр”, “Әншілердің көбі беттерін өзгертіп алады”, “Бұларға ота жасау түк емес”, “Гүлзира мақтанғаннан алдына жан салмайды”, – деп жазды көпшілік. 



Алайда продюсер бетіне ота жасатпағанын айтып, ақталды. 

“Қатты шатастың, тарттырсам қыртыс болмаушы еді. Менде жетеді әжім. Тартпақ түгілі ботокс та салмаймын. Сенесің бе, сенбейсің бе өз еркің. Маған бәрібір. Кім не демей жатыр, бірақ шындығы солай”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова шампунь сатамын деп сынға қалған еді. 

“Ойынның өткеніне 15 күн болды. 15 күннен бері күтіп жүрміз. Ауызбен ғана айтып отырсыз. Әлі қанша күн күтейік?! Тауарды уақытында сала алмасаңыз неге сатуға шығарасыз?! Неге ұтыс ойынын ойнаттыңыз?! Нөмерлердің ешқайсысы жауап бермейді. Хабарлассақ сөніп жатыр. Ісіңізге жауапкершілік танытсаңыз екен.  Сылтауды қойыңыз. Ұят емес пе?! Ойынның ертеңіне немесе бір аптадан кейін сұрап отырғанымыз жоқ. Бақандай жарты ай өтті”, – деп жазған еді желі қолданушысы. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек, 2025 12:24
Талқылау