Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен жоқта жасап тастаған": Қайрат Нұртас не себепті гендер патиге қатыспағанын түсіндірді

Фото: Stan.kz

Танымал мегажұлдыз Қайрат Нұртас не себепті гендер патиге қатыспағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, хитмен бесінші рет әке атанбақ. Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен бірге болашақ сәбиінің жынысын анықтаған еді. 

“Жұмыста жүріп, түнделетіп қайттым. Мен жоқта гендер пати шырақтары жанып қызық болыпты. Байқадым…", – деді өнер иесі.



 Айта кетейік, әншінің жары жетінші жүктілігі екенін айтқан еді.

“2025 жылға менің жоспарым болған. Алайда… Оның маған деген жоспары одан да ғажап әрі қайырлы. Менің жетінші жүктілігім. Ол жайлы білмесем де, менің ағзам қабылдап, өз процесін атқарып жатқанын сезбедім. Әрине, ол кезде сезбеу – заңдылық. Өйткені, бір басыма біраз дүние үйір болған еді. Оған халық куә болды. Одан кейін көпшілік білмейтін жеке мәселем бар. Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей. Сол сәтте жатырыма жайғасқан бір түйір тамшы дерк езінде өз несібесімен келіпті. Құрсағымдағы бір түйір періштем барлық мәселені шешіп жіберді десем, асылық айтқаным емес. Өйткені мен күтпеген, таңғажайып дүниелер орындалды. Құдды бір кино сияқты. Дәл сол сәтте мен ештеңе сезген жоқпын. Бұл жаратушының маған берген үлкен сыйы. Бергенінен берері мол дегенді енді ғана түсіндім”, – деп жазды актриса. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 15 Тамыз, 2025 10:33
Талқылау