"Мен жетілдім": Илья Ильин өзін Ауыр атлетика федерациясының президенті етіп тағайындауды сұрады
Белгілі қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильин еліміздің ауыр атлетика федерациясын басқаруға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және спорт министрлігі алқасының отырысында Илья федерацияның қазіргі жұмысына алаңдаушылық білдірген.
"Мен екі жылдан бері кәсіпқой спортшы емес, спорт менеджері ретінде жұмыс істеп келемін. Екі жыл бойы мен командада уақыт күттірмейтін кейбір мәселелермен айналыстым. Бір жылдан бері түсініксіз күйде жүрміз, ауыр атлетика федерациясының президентіне лайық адам таба алмай отырмыз. Бір жарым жыл бұрын мен менеджер болып кірген кезде жаттықтырушылармен сөйлестім, үлкен мәселелер болды, мен сол мәселелерді көтердім. Бір жігіт асылып өлген жағдай да болды... Мен бізге психологтар қажет екенін айттым. Қиындықтардың болғандықтан, құраманы көтеруіміз қажет. Алайда кейін біз екіге, содан кейін үшке бөлініп кеттік. Облыстарды аралап, бапкерлермен жеті сағат сөйлесіп отырып, спортымыз түбегейлі жойылмас үшін көп мәселелерді түсіндіруге тура келді", - дейді спортшы.
Ильин ауыр атлетика еліміздегі ең көп медаль алған спорт түрінің бірі екенін атап өтіп, оны сақтап қалуға шақырады.
"Мен қазір әріптестеріме, басшылыққа, Алтай Көлгіновке (премьер-министрдің орынбасары) және Асхат Ораловқа (мәдениет және спорт министрі) өтініш білдіремін, бір шешім қабылдаңыздар. Мен жетілдім, федерацияны өз қолыма алуға дайынмын. Менің ақшам көп емес, бірақ мен бұл спорттың қыр-сырын білемін. Қолдау көрсетіп, нақты тапсырмалар беріңіз", – дейді Илья Ильин.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бұл мәселені Ильямен жеке талқылауға дайын екенін жеткізген.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
