"Мен үйде тамақтанбаймын": Атырау облысының әкімі азық-түлікке қанша жұмсайсыз деген сауалға
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов үйінде тамақ ішпейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Аймақта азық-түлік бағасының шарықтап кетуіне байланысты әкімге "Отбасыңыз тамаққа айына қанша теңге жұмсайды? " деген сұрақ қойылған.
Махамбетовтың сөзінше, оның отбасы астанада тұрады екен.
"Менің әйелім кейде Атырауда, кейде Нұр-Сұлтанда тұрады. Мен үйден тамақтанбаймын", – деді әкім.
Оның айтуынша, ол облыстағы мәселе жайлы хабардар. Картоп пен сәбіз бағасының қымбаттауы маусымдық кезеңге байланысты.
"Қазір картоп Қазақстанның оңтүстігі мен көршілес Ресейден алып келінеді. Оның бағасы төмендеуде. Атырау облысы картоппен тек 44%-ға қамтылған. Көкөнісітің бағасын ұстап тұру мүмкін емес, бұл саудаға кері әсерін тигізеді", – деді ол.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"