Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оның да, менің де құлағымыз естімейді": Америкалықтар асырап алған тағы бір қазақ бала әпкесімен табысты

Америкалықтар асырап алған Арман есімді жас жігіт Қазақстандағы туыстарын тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Facebook парақшасында журналист Жеңіс Құспан жазған. Бірнеше күн бұрын Kazakh American Association атты Facebook парақшада Арманның Қазақстандағы танысы Аида Көшекбаева атты қолданушы АҚШ-тағы қандасымыздың туыстарын іздеп жүргені туралы жазған еді.

Көп уақыт өтпей Америкадағы жігіт оған туған-туыстарын тапқаны туралы хабарлапты.

"Бәріңізге рахмет, мен туыстарымды таптым!", - деп жазды америкалықтар асырап алған Арман. Көп уақыт өтпей журналист оқырманға Арманның әпкесімен байланысқа шығып, екеуі ым тілімен сөйлесіп жатқанын жария етті.

"Мен Арманның әпкесімін. Ол менің бауырым. Оның да, менің де құлағымыз естімейді. Ыммен тілдесеміз. Қазақстан мен Америкадағы ым тілі екі түрлі болса да, бір-бірімізді түсінеміз. Мен оны бұрыннан іздейтін едім. Енді ғана таптым", - деп жазған Арманның әпкесі.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр