Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен сондай бақыттымын: Айсәуле Бақытбек махаббат туралы жантебірентерлік жазбасымен бөлісті

Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек 22 жасқа толған туған күнінде махаббат туралы жантебірентерлік жазба жазып, оқырмандардың жүрегін елжіретті.

Мен сондай бақыттымын: Айсәуле Бакытбек махаббат туралы жантебірентерлік жазбасымен бөлісті

Бұл туралы Айсәуле Бақытбек Инстаграмм парақшасында бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Өзін туған күнімен құттықтаған Айсәуле жазбаны жазарда алдын-ала дайындалмағанын мойындады. Бірақ, ол бәрін шын жүрегімен, бар ықыласымен, жан толғанысымен жазғанын айта кетті.

«Мен жүріп келемін және жолым ұзақ, әрі жарық болады деп үміттенемін. Сондай-ақ, мені әрқашан өзімнің адамдарым қоршап жүреді деп сенемін. Ең керемет балалық шақ сыйлаған, маған арманымдағыдан да көп нәрсені берген ата-анама рахмет. Әкешім, анашым сіздер менің өмірімсіздер. Мен сіздерді жақсы көремін. Я вас люблю! Сіздердің жасаған барлық жақсылықтарыңызды ешқашан өтей алмаймын, бірақ менің өмірімнің мақсаты – бұны түсінетінімді сіздерге көрсету. Мен сіздердің бақыттарыңыз үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Әже, ата, Айару жандарым. Сіздерді қалай жақсы көретінімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мен осындай отбасында туылғаныма, сіздер сияты ата-әже мен сіңілімнің болғанына қуаныштымын», –  деген Айсәуле Бақытбек.

Туғандарына деген махаббатын жеткізген Айсәуле болашақ жарына да алғысын білдіріп, онымен бақытты екенін де айта кетті.

«Қымбаттым, жалғызым, сүйіктім – сен менің бақытымсың! Біздегінің бәрі үшін саған үлкен рахмет айтамын. Бізді болашақта жақсы дүниелер күтіп тұрғанына сенімдімін. Ешқашан көп бала сүйгісі келетін қыз боламын деп ойламаппын. Бірақ, сенің жаныңда ең жақсы дегеннің бәрін жасағым келеді. Жартушыдан екеумізге жарқын болашақ нәсіп етуін сұраймын. Достарым сендердің бар болғандарыңа рахмет. Кез-келген уақытта хабарласа алатын сендер сияқты достарымның болғанына алғысым шексіз», –  дейді Айсәуле.

Оқи отырыңыз:

Ерекше ұсыныс жасады: Айсәуле Бақытбек тұрмысқа шыққалы жатыр

Тек махаббат пен сенім: Баян Алагөзова қыздарын қалай тәрбиелейтінін айтып берді

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты (фото)

Жасарып кетіпсіз: Шашын қысқа қылып қиып тастаған Баян Алагөзованы көпшілік танымай қалды

Талқылау