Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есепшотты төлеуден бас тартып, үстелді төңкерген "прокуродың" оқиғасына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

Ер адам әйелімен бірге арақ ішіп, артынан мекеменің ішінде темекі шеге бастаған. Әкімші іште темекі шегуге болмайтынын айтып, ескерту жасағанда қонақтар оған қоқан-лоққы көрсетіп, есепшотты төлеуден бас тартқан. Полиция оның тұлғасын анықтап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

видеодан кадр

Voyage караоке-барында 31 шілдеден 1 тамызға қараған түні Алматы қаласының тұрғыны спиртті ішімдіктерді ішіп, артынан шу шығарған. Жанындағы әйелімен бірге есепшотты төлеуге бас тартты. Ер кісі басында өзін қалалық прокуратураның қызметкері ретінде таныстырып, кейіннен "есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізетін басқарманың полковнигі" екенін айтқан. 

"Ол өзін прокурормын, НҚКБ қызметкерімін деп таныстырды. Әйел алғашында өзін судьямын деп айтып, сосын сөздерінен бас тартты. Еркек маған қоқан-лоққы көрсете бастады. Мен полиция шақырып, арыз жаздым. Оны Әуезов ауданындағы полиция бөлімі қабыл алды", — деді мекеменің әкімшісі Нұрлан. 

Нұрланның айтуы бойынша, ер адам үстелді төңкеріп, оған шот кітапшасын лақтырған. Бірақ екеуі бәрібір шотты төлеген. Әйтсе де ыдысты сындырып, мүлікті қиратқаны үшін ақша төлеуге келіспеген. 

Қалалық прокуратурада ер адамның мемлекеттік қадағалау қызметкері емес екенін айтты.

"Қазіргі уақытта Алматыдағы полиция департаменті оның тұлғасын анықтап, сәйкесінше амалдарды жүргізуді қолға алмақ", — деді басқарманың баспасөз қызметкерлері. 
 

Талқылау