Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен өзім олардың мазасын кетіремін": Павлодар облысының әкімі маса мәселесіне қатысты мердігерлерге ескерту жасады

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхан қол астындағыларға аймақта маса-шіркеймен күресті ертерек бастау керегін айтып, мердігерлерге қатаң ескерту жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

маса

Әкім көктемге дейін алдын ала дезинсекцияға дайындық жұмыстарын жасамаса, онда павлодарлықтарды жаз бойы шіркейлер мен масалар шағып, зардабын тартатынын мәлімдеді. 

“Бүгін алдағы болатын шыбын-шіркейлерге қарсы күрес бойынша жұмыс кеңесін өткіздім. Өңдеу жоспары дайын, бюджет ұлғайтылды, өткен жылы жіберілген қателіктер ескерілді, авиация тартылды. Ертістегі су қоймаларынан су жіберілуіне қарамастан, сәуір айының екінші онкүндігінен саяжай учаскелерінде және Павлодардың көпқабатты үйлерінің жертөлелерінде жиналатын суды өңдеуді бастауды тапсырдым.

Облыстық басқармалардың басшыларына, ғылыми топқа және мердігерлерге егер олар осы маусымда облыс тұрғындарының көңілін қалдырса, мен өзім олардың мазаларын кетіремін деп ескерттім”, – деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Талқылау