Мен оны 22 жыл күттім: Астанада егде жастағы ер адам сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)
Астанада ер адам көпшілік алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады.
Ер азамат сүйіктісіне ел алдында ұсыныс жасап, көңіл білдірді. Тосын жайтты күтпеген әйел бастапқыда не деп жауап берерін білмей қалды. Алайда жастардың қолпаштауымен ұсынысты қабыл алды.
“Мен оны шынында да жақсы көрем. Сол үшін де 22 жыл бойы күттім”, – деді ер адам.
Желі қолданушылары жасының үлкендігіне қарамастан батылдық танытқан азаматқа риза болды. Оның сүйіктісін 22 жыл күткенін естіп тіпті таңғалды. Ал, кейбір пікір жазушылар ер азаматтың әйел алдында тізерлеп отырғаны әбестік екенін айтты.
Тағы да оқыңыз:
Қостанай тұрғыны қарындасының басын кесіп тастады
Талқылау