Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен ол кісі үшін ешкім емеспін": Салтанат Бақаева Роза Рымбаеваның қоңырауымен жұмысқа кірген

Салтанат Бақаева Роза Рымбаеваның қоңырауымен жұмысқа кірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі GAKKUTV арнасына сілтеме жасап.

Әуезов театрына үш рет барып, жұмысқа қабылданбаған Салтанат Бақаева артынша он жыл бойы істеген қара шаңыраққа Роза Қуанышқызының қоңырауымен қабылданғанын жасырмайды. 

"Ол кісі "Қалай театрда жұмыс істеп жатырсың ба?" деп сұрады. Сосын мен "Жоқ. Өкінішке орай мені жұмысқа алмады" дедім. Ол кісі таңғалып, дереу басшыларға хабарласты. Мен де таңғалып қалдым. Маған "Жарайды. Сен бара бер. Жұмыстарыңды істей бер" деді", - деп ағынан жарылды Салтанат Бақаева. 

Роза Рымбаева театрға бірге барып, Салтанат Бақаеваны жұмыспен қамтыған. Студент кезінде Роза Қуанышқызының өзіне деген көзқарасының ерекше екенін байқамаған өнер иесі тіпті ол кісіге сөйлеуге де қорққан едім дейді.

"Кешке мен дайындықтан қайтып келе жатқанда, маған Роза Рымбаева хабарласып: "Ертең таңғы сағат 9:00-де театрда болуың керексің. Әніңді, бәрін дайында. Ол жақта міндетті түрде қара сөз оқу керек. Мен келе аламын ба, жоқ па қараймын" деді.  Түнімен дайындалып, 09:00-де театр алдына келсем, ол кісі мені 08:30-дан бері күтіп тұр екен. Содан ол менімен 11:00-ге дейін тыңдалымда жүрді. Сол кісінің арқасында мен қара шаңыраққа жұмысқа кірдім", - деп ашық айтты өнер иесі.

Өз саласында жұмыс таппай, менеджер болып қызмет атқарған кездері болғанын да жасырмады Салтанат Бақаева. Оған қоса, өнер иесі даяшының жұмысын да іздеген. Актриса Роза Қуанышқызына алғысын білдіріп, рахметін айтты.

"Былай қарасаң, мен ол кісі үшін ешкім емеспін", - деді әнші.

 

Талқылау