Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Мен неге жылап жатырмын”: Желіде күтпеген жерден ата-анасына той жасаған отбасы жұртты таңғалдырды (Видео)

Желіде Өскеменде ата-анасына тосынсый жасап, 41 жылдық отау құрған тойларына сол күні күтпеген жерден алып келген отбасының видеосы тарады. 13 миллионға жуық қаралым жинаған бейнеролик көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет желі кадрларынан скринделген

Видеода бүтін бір әулеттің адамдары “Зейнет той” және “41 жыл” деген жазуы бар баннердің алдына той иелерінің көзін байлап әкеледі. Олар көздерін аша сала өздері күтпеген жиынды көріп көңілдері босайды. 

Мұны көрген желі қолданушылары да таласа пікір қалдырды. 

“Керемет, мен де жылап қалдым”, “Осындай бақытты сәттер әрбір ата-анаға нәсіп етсін”, “Олар да аналарымен бірге жылап тұр”, “Ең бақытты күндер – ата-анаң жаныңда болған кез”, “Бұл – олардың тәрбиесінің көрінісі”, Ата-ананы көзінің тірісінде құрметтеу керек”, “Мен неге жылап жатырмын” “Қандай әсерлі”, – деп жазды пікір қалдырушылар. 

Талқылау