"Мен қандаспын": Индустрия министрі қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты
Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өзінің қандас екенін ескертіп, қазақ тілін аптасына 5 рет сабаққа барып үйреніп жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет Gov.kz ресми порталынан
Үкіметтік брифинг кезінде Индустрия министрі қазақ тілін үйрену бойынша қойлыған журналисттердің сауалына жауап берді. Ол өзінің қандас екенін ескертіп, қазір тіл үйренуге барын салып жүргенін жеткізді.
"Мен ана тілімді үйреніп жатырмын. Аптасына 5 рет қазақ тілі сабағына барамын. Маған мұғалім келеді. Солай қазақ тілін үйреніп жүрмін. Бөтен адам емеспін, мен Қазақстанға оралған қандаспын", - деді министр.
Сонымен қатар, Шарлапаев министрлікте бірде-бір адамды ауыстырмағанын алға тартты.
“Вице-министрлерімнің ешқайсысын ауыстырмаймын. Өз ісін білетін адамдармен жұмысты жалғастырамын", - деп түсіндірді ол.
Талқылау