Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Мен ешнәрсе істей алмаймын»: Пойыз қаққан автобус жүргізушісінің соңғы сөзі (видео)

Шамалған станциясында орын алған жол-көлік оқиғасы кезінде апатқа ұшыраған автобустың ішінде болған жолаушылардың бірі не болғанын айтып берді. Оның сөзінше, жүйткіп келе жатқан пойызда көрген қоғамдық көлік жүргізушісі ешнәрсе істей алмайтынын айтқан. 

«Мен ешнәрсе істей алмаймын»: Пойыз қаққан автобус жүргізушісінің соңғы сөзі

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Алматы» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгердің сөзінше, қайғылы жағдайдың алдында жүргізуші ешнәрсе істей алмайтынын айтқан. Ол автобустың есігін ашқаннан кейін, ішіндегі жолаушылар сыртқа қаша бастапты.

«Жүргізушіден есік ашуын сұрады. Ол ашқаннан кейін, барлығы қашып шықты. Жүргізуші: «Мен ешнәрсе істей алмаймын», - деді. Сондықтан бәрі қашты. Ол көз жұмды», - дейді автобус жолаушыларының бірі. 

 

Бұған дейін куәгерлер жүргізушінің шок жағдайында болғанын айтқан еді. 

Еске сала кетсек, ірі апат Алматы облысының Шамалған станциясында орын алды. Автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен. Салдарынан үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз автобусты қағып кетті. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды. Олардың екеуі - бала, біреуі - әйел адам. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі жол апатына қатысты Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында көңіл айтып, тергеу амалдары басталғанын хабарлады. 

Талқылау