Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешкімді кінәлауға болмайды": Түркістан облысы әкімінің орынбасары Өзбекстаннан өтемақы талап ету туралы

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі тікелей эфир кезінде журналистердің Өзбекстаннан өтемақы төлеу туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен ешнәрсе айта алмаймын. Себебі бұл мүлде басқа мемлекет. Бұл мәселемен екі ел үкіметтері айналысуы керек шығар, себептері мен салдарын анықтайды деп ойлаймын. Бұл жерде ешкімді кінәлауға болмайды", -  деді Сәкен Қалқаманов.

Оның айтуынша, су астында қалған ауыл тұрғындарының ешбірі көмексіз қалмайды, олардың шығындары өтеледі.

Сонымен қатар, ол өзге ауылдарды су басу қауіпіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Өзге ауылдарды су басу қауіпі әлі де бар. Себебі, біз қанша су ағып келетін білмейміз. Өзбекстаннан осы жағдайға байланысты ресми ақпаратты күтеміз", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

STAN.KZ
Жексенбі, 03 Мамыр, 2020 14:21
Талқылау