Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен ең бақытты адаммын": Қол-аяғы жоқ мүгедек жан түрлі жабдықтар жасап күн көріп жүр (видео)

Оңалхан Тәубехан доп қуып, ат үстінде шаппады. Ол өзгедерден ерек болып жаралса да, аллаға адам етіп жаратқаны үшін алғысын айтады. Осы өмірінде өзін бақытты санайды. 

"Мен көбіне бала-шағамның, немерелерімнің ортасында болам. Солардың қылығын қызықтап, уақыт өткізгенді жақсы көрем. Жүрген жүрісін бәрін тамашалап отырамын. Оларға ырым-тыйымды бәрін үйретіп отырамын. Мен көп болғанды жақсы көремін. Бақыт адамға бір-ақ рет беріледі. Осы өмірге келгеніме де өзімді бақытты санаймын", - деді ол.

Оңалхан Тәубехан 1972 жылы Моңғолия даласында көп балалы отбасында өмірге келген. Соңғы 22 жыл бойы Қазақстанда тұрып жатыр. Тұла бойындағы қажырлы қайратына қайран қаласың. Жүрегі жұмсақ, мейрімді жан. Ол мүгедекпін деп қол қусырып қарап отырған жоқ. Әр түрлі жабдықтар жасауды ермегіне айналдырған. Дөңгелек үстелдер, орындықтар, тағы басқа заттарды өте әдемі әрі сапалы жасайды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бүгін мен ерекше партияласымыз жайлы сөз қозғағым келеді. ⠀ Ерекше дейтінім, Тәубахан Оңалхан ағамыз туғанынан екі аяғы, бір қолы болмаса да, бар болғаны 3 саусағымен көп жұмысты ырқына көндіріп келеді. ⠀ Жиһаздың түр-түрін өзі жасайды. Керек десеңіз етік те тігеді. Қолы қалт етсе, дойбы, шахмат ойнайды, ән айтады. ⠀ Тәубахан Оңалхан көпбалалы отбасында дүниеге келген. Балалық шағында асыр салып жүгірмеді, ат мініп шаппады. Жан жарасына емді ол білім мен өнерден тапты. Еңсесі бір сәтке де түскен емес. Қазір үйінің бір бөлмесінен шеберхана жасап, еңбек етіп, ел қатарлы өмір сүруде. ⠀ Оның мұқалмас жігері жеңіске жетеледі. Өзгелерден ерек болып туылса да Аллаға адам болып жаралғанына алғыс айтудан жалыққан емес. Алайда аяқ-қолы балғадай азаматтардың адал еңбек етуден қашатынына қайран қалады. ⠀ Толығырақ видеодан көре аласыздар...

Публикация от Арман Қырықбаев (@arman_kyrykbayev)

"Теледидардан, интернеттен көп адамның қоғамға ренжулі екенін көремін. Жамандап жатады. Мемлекетке алақан жаю дұрыс емес. Олар шамасы келгенше жасайды. Қалғанын өзің жасайсың. Егер бірнәрсені жасап, соны әрі қара дамытуды сұрасаң, үкімет қарап отырмайды ғой", - деді Оңалхан Тәубехан.

Оның бойында әр түрлі өнер тұнып тұр.

Дойбы ойнағанды жақсы көреді. Облыстық, аудандық жарыстардың жеңімпазы. Жүзінен жылулық ескен Тәубехан жан-жарамды әнмен жазамын дейді. 

"Бұл аға біздің ауылда тұрады, жақын көршіміз. Өте жақсы адамдар. Аға аулымызға сыйлы адам. Ерік жігері мықты, ешкімге алақан жайып көмек сұрамаған ешқашан", "Алдыңызда басымды идім асыл жан.Жаратқан өзіңе жар болып, немере шөберелеріңнің қызығын көргейсің", "

Көңілі ақ,жүрегі таза кісі екен. Аман болыңыз! Осы кісіні көргенсоң өкіметті жамандап жұмыс жоқ деп жүрген тепсе темір үзетін жігіттер не айтады екен",  "Аман болсын! Өмірге деген құштарлық осы", "Алла осындай жандарға екі еселеп сауап жазсын ісіне саттілік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын қазағым", - деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау