Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен екінші рет қайталамаймын": Қадыров АҚШ-тан анасына салынған санкцияны алып тастауды талап етті (видео)

Шешен басшысы Рамзан Қадыров Америка Құрама Штаттарынан анасы Аймани Қадыроваға салынған санкцияны алып тастауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kommersant басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қадыров анасының "қайырымдылықпен айналысатынын" алға тартып, америкалық биліктің бұл шешімін "барлық этикалық нормаларды қасақана елемеу" деп атады. Шешенстан басшысы анасының "тек кедейлерге, мұқтаж жандарға көмектесетінін" айтты. Ол Америка Құрама Штаттарының өз әрекетімен қылмыс жасап жатқанын мәлімдеді. 

"Егер анама қарсы санкцияларды алып тастамасаңыз немесе оларға қарсы санкцияларды не үшін салғаныңызды түсіндірмесеңіз, Алланың атымен ант етемін, мен cіздерге көрсетемін", – деді Қадыров Telegram желісінде жарияланған видеода.

Ол америкалық дипломаттар тек Ресейдің ғана емес, Еуропа елдерінің аумағына кіру мүмкіндігінен айырылатынын жеткізді. 

"Біз де оларға қарсы санкция саламыз. Мен екінші рет қайталамаймын. Тезірек санкцияны алып таста. Анама санкция салғаныңды ешқашан кешірмеймін. Мен бәріне баруға дайынмын... Кемеңді суға батырамын. Ол кезде саған көмектесетін ешкім болмайды", – деді Рамзан Қадыров.

 

Талқылау