AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен бұрынғылардың қателіктерін қайталамаймын": Қырғызстан президенті үкіметті отставкаға жіберді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров республиканың министрлер кабинетін қызметінен босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Садыр Жапаров тиісті жарлыққа қол қойды. Министрлер кабинетінің мүшелері жаңа құрам қалыптасқанға дейін өз міндеттерін орындауды жалғастырады.

Ақылбек Жапаров министрлер кабинеті төрағасының міндетін атқарушы, сондай-ақ президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Сонымен қатар ел президенті министрлер кабинетінің тұрақты төрағасы қызметіне Ақылбек Жапаровтың кандидатурасын ұсынды. Мемлекет басшысы өз ұсынысын парламенттің қарауына жіберді.

Садыр Жапаров өзінің таңдауын Инстаграмдағы парақшасында пост жариялауымен түсіндірді.

"Мен Ақылбек Жапаровтың кандидатурасын ұсындым, бұл өзгерістің себептері туралы сұрақтар туындайды, кез келген мемлекеттің басты мәселесі – қазынаны толықтыру. Біз Ақылбек Жапаровпен келістік. Ол биылғы бюджет 280 миллиард сомға, ал келесі жылы 400 миллиард сомға аяқталатынына сөз берді", – деп жазды Садыр Жапаров.


Қырғызстан президенті өз үйін баспанаға мұқтаж адамдарға сыйлады


Егер Ақылбек Жапаров өз сөзінде тұра алмаса, онда Садыр Жапаровтың айтуынша, шаралар қолданылады. Бұл кезеңде президент оған сын айтуға асықпауды ұсынды, сонымен қатар Қырғызстан басшысы азаматтарды министрлер кабинетінің болашақ төрағасының әрбір әрекетін жеке бақылауына алатынына сендірді.

Оның әр қадамы, әр әрекеті менің жеке бақылауымда болады. Ең бастысы, егер мен таза болсам, онда бәрі де таза болады. Егер мен қолымды қазынаға салсам, онда басқалар да солай жасай бастайды. Мен бұрынғылардың қателіктерін қайталамаймын", – деді президент.

57 жастағы Ақылбек Жапаров бұған дейін екі рет қаржы және экономика министрі болған, биыл маусым айында үшінші рет экономика және қаржы министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол "Бір Бол" партиясынан Жогорку Кенештің депутаты болды және Құмтөр кенішінің қызметін зерттейтін мемлекеттік комиссияны басқарды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр